Банк ВТБ (Қазақстан) жауапты клиенттерді ақшалай көтермелейтін болады

06.10.2015 ВТБ халықаралық қаржы тобының қазақстандық еншілес ұйымы өз клиенттерін меншікті қаржыларын неғұрлым мұқият басқаруды ынталандыруға бағытталған жобасын әзірледі. 2015 жылғы 1 қазанда Банк «ВТБ үздігі» акциясын іске қосты, оның аясында ұқыпты қарыз алушылар ақшалай көтермеленетін болады.

Банк ВТБ (Қазақстан) «Қолма-қол кредитті (қамтамасыз етусіз)» 2015 жылғы 1 қазаннан бастап 15 желтоқсанға дейін, қоса алғанда бір жылдан кем емес мерзімге ресімдеген барлық клиенттер акция қатысушылары болып табылады. Бір жыл ішінде бірде-бір мерзімін өткізбеген қарыз алушыларға Банк берілген кредит сомасының бір бөлігін қайтарып береді.

- Жаңа оқу жылының басталуы бізді «ВТБ үздігі» акциясын әзірлеуге шабыттандырды. Бұл біздің клиенттерді сауатты қаржылық жоспарлауға және өз міндеттемелерін жауапты орындауға үйретеді деп сенеміз. Ең тәртіпті клиенттер – үздіктерге біз «бес қоямыз» - берілген кредит сомасының 5%* қайтарып береміз, - дейді Банк ВТБ (Қазақстанның) Басқарма Төрағасының орынбасары Дмитрий Яковлев. – Отбасы қаражатын бөлу негізінен қандай да бір компанияның активтерін бөлгенге ұқсайды. Отбасы бюджеті де жоспарлауды, болжауды және міндеттемелерді орындауды талап етеді. Біз біздің клиенттер ақшаларын сауатты басқарса екен дейміз.

«ВТБ үздігі» акциясы бойынша толық ақпарат Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшелерінде, сондай-ақ – 5050 ұялы телефоннан тегін.

* Қазақстан Республикасының Салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардан ЖТС ұстау.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобының құрамына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан аса уақыт табысты жұмыс жасап келеді және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі жағынан 17-ші орынды алады. Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 44 құрылымдық бөлімшелерден тұратын филиалдар желісі бар, олардың 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық офисі Алматы қ. орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің №1.2.14/39 лицензиясы 2014 жылғы 23 желтоқсанда берілген.

Қосымша түсіндірмелер алу үшін Сіз әрқашан баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
Моб: +7 707 11 35 350
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web.: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazahstan