Банк ВТБ (Қазақстан) бес клиенті 1 000 000 теңгеден ұтып алды

22.09.2015 2015 жылғы 1 маусымнан 31 тамызға дейін Банк ВТБ (Қазақстан) «Ақша ақшаға» атты Акциясы өтті, оның қорытындылары бойынша Банк салымшылары - Visa Instant Issue төлем карточкалары ұстаушыларының арасында ақшалай сыйлықтар ойналды: 330 сыйлық – 15 000 теңгеден және 5 бас сыйлықтар – 1 000 000 теңгеден! Бас сыйлықтарға Астана, Ақтөбе, Көкшетау, Тараз және Өскемен қалаларындағы Банк ВТБ (Қазақстан) салымшылары ие болды.

Жаз бойы депозитті ашқан немесе кем дегенде 15 000 теңге немесе АҚШ долларындағы/еуродағы/ресей рубіліндегі балама сомасына депозитті толықтырған кезде, Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттері ақшалай сыйлық ұтып алулары мүмкін болды. Акцияның әр қатысушысы сыйлыққа Visa Instant Issue картасын алды. Дәл VISA Instant карточкаларының нөмірлері бойынша, нөмірлерді кездейсоқ компьютерлік іріктеп алу әдісімен сыйлықтар бөлінді. Ұтыс ойынның деректілігін арнаулы комиссия бақылады.

- Банк ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан астам табысты жұмыс істеп келе жатыр және өз клиенттеріне бес өнімнен тұратын кең депозиттік желіні ұсынады. Әр өнімге тартымды пайыздық мөлшерлемелерімен ұғынықты және ыңғайлы талаптар кіреді және олар қаражатты ұлттық және шетел валютасында орналастыруға мүмкіндік береді. Біз өзіміздің акциямызды кездейсоқ «Ақша ақшаға» деп атаған жоқпыз, бұл өз қорларын қалай көбейту керек екендігін білетіндер үшін. Біздің акцияның арқасында бүкіл ел бойынша Банктің 300-ден астам клиенті өз қорларын толықтырды, ал бес қазақстандық – миллионер атанды. Бұл банктің өз клиенттері туралы қамқорлығының және халықтың Банктің тұрақтылығына сенім деңгейінің жақсы көрсеткіштері деп ойлаймын - деді, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасының Орынбасары Дмитрий Яковлев.

Және де БанкВТБ (Қазақстан) Клиенттері «Ақша ақшаға» атты акцияны бағалады.

- Маған Банк ВТБ (Қазақстан) қызметкері қоңырау шалған кезде, мен миллионер болғаныма сенбедім! Бұл менің алғашқы ұтысым, мен оны күтпеген едім. Мен ғажап жағдайларға сенетін болдым және әр адам бақытты миллион иеленушісі болуы мүмкін екендігін ұқтым, - деп Банк ВТБ (Қазақстан) клиенті Көкшетау қаласынан Михаил Степурко өз пікірімен бөлісті. Мен келешектеде Банк ВТБ қызметтерін пайдаланамын және барлық өз таныстарыма пайдалануды ұсынамын. Банк ВТБ (Қазақстан) армандарыңызды орындайды!

Бүгінгі таңда өнімдерді және жеке тұлғаларға арналған қызметтерді дамыту Банк ВТБ (Қазақстан) басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың сегіз айында жеке тұлғалардың депозиттік портфелі 40%-дан астам өсті. Банк қазіргі заманғы бөлшек өнімдердің толық кешенін ұсынады: тұтынушылық кредиттер, ипотека, автокредиттеу, аударулар, депозиттер, төлем және кредиттік. Сонымен қатар Банк ВТБ (Қазақстан) баламалы қызмет көрсету жолдарын белсенді дамытып келе жатыр: интернет-банкинг жүйесі жетілдіріліп жатыр, банкоматтар мен ақпараттық-төлем терминалдарының саны көбейіп келе жатыр.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ - ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан астам табысты жұмыс істеп келе жатыр және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтердің көлемі бойынша 19 орын алады. Бүгінгі таңға Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 44 құрылымдық бөлімшелерден тұратын филиалдық желісі бар, олардың 17-сі – филиалдар болып табылады. Банктің Орталық офисі Алматы қ. орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 лицензиясы.

Қосымша түсініктемелер алу үшін, Сізге әрқашан баспасөз қызметіне жүгінуіңізге болады:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
Ұялы: +7 707 11 35 350
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazakhstan