Банк ВТБ (Қазақстан) 1 000 000 теңгеден 5 ақшалай жүлде ойнатты!

11.09.2015 2015 жылғы 10 қыркүйекте Банк ВТБ (Қазақстанда) «Ақша ақшаға» акциясы бойынша бірден екі ұтыс ойыны өткізілді.

Акция талаптары бойынша, бірінші ұтыста 2015 жылғы 1 маусымнан бастап 31 тамызға дейінгі кезеңде 15 000 теңге (немесе валюта баламасы) сомасында депозит ашқан немесе толықтырған Банктің салымшылары қатысты.

Бүкіл елден 110 салымшы 15 000 теңгеден ақшалай жүлделерге ие болды.

Жеңімпаздар тізімі

Бас жүлделердің ұтыс ойынына 2015 жылғы 1 маусымнан бастап 31 тамызға дейінгі кезеңде 15 000 теңге (немесе валюта баламасы) сомасында депозит ашқан немесе толықтырған Банктің салымшылары қатысты.

Банк ВТБ (Қазақстанның) бес клиенті 1 000 000 теңге мөлшерінде ақшалай жүлделерге ие болды!!!

Банктің Астана, Өскемен, Ақтөбе, Көкшетау және Тараз қалаларында тұратын клиенттері миллионер атанды!


Жеңімпаздар тізімі

Жеңімпаздар Банк ВТБ (Қазақстанның) әрбір клиенті «Ақша ақшаға» акциясы аясында депозит ашқан кезде алған VISA Instant карточкаларының номерлерін кездейсоқ компьютермен таңдау әдісімен анықталды. Процесстің таза өтуін Банктің Бөлшек бизнесті дамыту департаменті, Заң департаменті, Комплаенс-бақылау қызметі, Қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаменті және Бухгалтерлік есеп беру басқармасының өкілдерінен құралған комиссия бақылады.

«Ақша ақшаға» акциясының жүлделік қоры 15 000 теңгеден 330 жүлде және 1 000 000 теңгеден 5 жүлдені құрайды.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және Банкке сенім артқаны үшін алғыс айтамыз!