Банк ВТБ (Қазақстан) 50 000 төлем картасын шығарды

12.08.2015 Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ елу мыңыншы төлем картасын Талдықорған тұрғынына тапсырды. Стандарттық банктік рәсім Анар Дәулетқалиева үшін нағыз думанға айналды.

- Банк ВТБ (Қазақстан) карточкалық бағытты белсенді дамытуды жалғастыра отырып, Visa картасының 50 000 данасын шығару шегінен асырды, - деп Банк ВТБ (Қазақстанның) Басқарма Төрағасының орынбасары Дмитрий Яковлев түсіндірді. – Мыңдаған клиенттер біздің карталарымызды пайдаланудың тиімді жақтарын, ыңғайлылығы мен қарапайымдылығын бағалап та қойды. Сондықтан 50 000 – бұл тек аралық шек, одан кейін біз шығару көлемін ұлғайтамыз, карточкалық ұсынысымыздың технологиясын және сапасын жетілдіре береміз.

Анар Дәулетқалиева сыйлық ретінде жылдық қызмет тегін көрсетілетін Visa Gold төлем картасын алды. Бұл карта үлкен қаржылық мүмкіндіктер береді: қонақ үйлерде қызмет көрсетілген кезде, билет сатып алуда, автокөлікті жалға алуда, дүкендерде және т.б. жеңілдіктер бар.
- Мен бүгін банкке әдеттегі рәсімді жүзеге асыруға – өзімнің төлем картамды алып кетуге келдім және күтпеген жерден осындай думанға тап болдым. Өзімді VIP-персонадай сезініп тұрмын, - деді Анар Даулеткалиева. – Сыйлық үшін және тамаша көңіл-күй үшін Банкке алғысымды білдіргім келеді. Енді мен Банк ВТБ-ның адал клиенті болып қаламын деп ойлаймын.

Анар еңбек ететін «Айым» жеке бала бақшасы екі жылдан астам уақыт Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жалақы жобасының қатысушысы болып табылады. Банк ВТБ (Қазақстан) қызметкерлерге VISA халықаралық төлем карточкаларына жалақы төлеудің тиімді механизмін ұсынады.

Банк ВТБ (Қазақстан) жалақы жобасының артықшылықтары: карточкамен Қазақстанда, сондай-ақ шетелде сауда және сервис кәсіпорындарында тауарлар мен қызметтерге комиссиясыз ақы төлеу мүмкіндігі; ақша қаражатының шығысын бақылау; отбасы мүшелеріне, достарға қосымша карточка ресімдеу мүмкіндігі; SMS-хабарламалар арқылы карточкалық шоттың жағдайы туралы ақпарат беру. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ төлем карточкаларын ұстаушылар ТМД елдерінде ВТБ тобына кіретін банктердің банкоматтарынан қолма-қол ақша қаражатын Банк ВТБ (Қазақстанда) белгіленген тарифтер бойынша ала алады. Соңғы 5 жылда өз қызметкерлерімен есеп айырысуды Банк ВТБ (Қазақстанға) сеніп тапсырған компаниялардың саны бес есеге көбейді.

Банк ВТБ-ның банктік картасының көмегімен Сіз тауарлар мен қызметтерге ақы төлей аласыз, сонымен қатар әлемнің кез келген нүктесінде қолма-қол ақшаға қол жеткізе аласыз. Банк ВТБ-ның ТМД аумағында филиалдары мен бөлімшелерінің жетілген желісі бар. Сіздің картаңыздың шоты теңгеде, сондай-ақ рубльде, АҚШ долларында және еурода ашыла береді.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобының құрамына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан аса уақыт табысты жұмыс жасап келеді және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі жағынан 19-шы орынды алады. Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 44 құрылымдық бөлімшелерден тұратын филиалдар желісі бар, олардың 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық офисі Алматы қ. орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің №1.2.14/39 лицензиясы 2014 жылғы 23 желтоқсанда берілген.

Қосымша түсіндірмелер алу үшін Сіз әрқашан баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
Моб: +7 707 11 35 350
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web.: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazahstan