07.07.2015

Қазіргі уақыттағы нарықтың нақты жағдайын ескере отырып, Банк ВТБ (Қазақстан) халық арасында көбінен танымал өнімдер бойынша ағымдағы кредит беру мөлшерлемесін төмендетті:*
• Автокредит – мөлшерлеме 5%-ға төмендетілді;
• Қолма-қол ақшалай кредит - мөлшерлеме 11,1%-ға төмендетілді;
• Кепілді кредит – мөлшерлеме 16%-ға төмендетілді;
• Орта және шағын бизнеске кредит – мөлшерлеме 10%-ға төмендетілді.
«Кредиттер бойынша мөлшерлемені төмендету – бұл кәсіпкерлер тарапынан да, халық тарапынан да көптен күткен оқиға, - деді
Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасы Төрағасының орынбасары Дмитрий Яковлев, - Біз әрқашан да өнімдер мен қызметтерді нарықтың шынайы жағдайын ескере отырып ұсынуға ұмтыламыз. Біздің клиенттеріміздің осы ұсыныстарды пайдаланатынына және өздерінің жеке, сондай-ақ бизнес жобаларын жүзеге асыра алатынына сенімдіміз».
*Кредиттеу шарттары бойынша толығырақ Қазақстан бойынша Банк ВТБ-ның кез келген бөлімшесінен немесе 5050 телефоны бойынша білуге болады – ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.
Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк 6 жылдан астам Қазақстан қаржы нарығында сәтті жұмыс істеп келеді, және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі бойынша 19-шы орын алады. Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ 44 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиал желісіне ие, олардың 17-сі филиал болып табылады. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 лицензиясы.