Банк ВТБ (Қазақстан) және CONTACT Төлем Жүйесі «Көктем CONTACT-пен бірге» акциясының жеңімпаздарын марапаттады

07.07.2015 «Көктем CONTACT-пен бірге» акциясы 2015 жылғы 01 наурыздан 31 мамырға дейінгі кезеңде Банк ВТБ (Қазақстан) барлық филиалдарында өткізілді. Екі санат бойынша – ақша аударымдарының ең үлкен көлемі және саны үшін Ақтаудан, Алматыдан және Шымкент пен Оралдан екі-екіден жеңімпаз адам CONTACT жүйесінен бағалы сыйлықтар алды. Бірінші орын үшін жеңімпазға LED теледидары, екінші орын үшін Blu-ray үй кинотеатры, ал үшінші орын үшін Blu-ray ойнатқышы сыйға тартылды.

«Банк ВТБ (Қазақстан) CONTACT жүйесімен 2010 жылдан бастап жемісті еңбек етіп келеді. CONTACT аударымдары – бұл ақшаны жөнелту мен алудың қолайлы, тез әрі қауіпсіз тәсілі. Біз компаниямен жасаған үш жылдық бірлескен жұмыс нәтижесіне ризамыз және ары қарай стратегиялық ынтымақтастықты дамытудан өз клиенттеріміз үшін жарқын болашақ барын байқаймыз», - деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасы Төрағасының орынбасары Дмитрий Яковлев.

Акция жеңімпаздары да CONTACT ақша аударымдарының көптеген артықшылықтарын атап өтті. Ақша аударымдары бойынша көшбасшы Бигелов Иса Ыргизбаевич арзан тарифтер, ресімдеу мен алудың жылдамдығы, ҚР мен ТМД елдеріндегі кең географиялық ауқымды қамтуы сияқты сипаттарға ие CONTACT аударымдарын жиі қолданады. Осы санаттың жеңімпазы Карашев Арман Элыпович те онымен келіседі: «Мен Банк ВТБ (Қазақстан) тұрақты клиентімін, маған тез және сапалы қызмет көрсету, Банк қызметкерлерінің сыпайылығы және жақсы өнімдері ұнайды».

«CONTACT жүйесі атынан мен «Көктем CONTACT-пен бірге» акциясына қатысушылардың барлығын және жеңімпаздарды құттықтаймын! Жүлде үшін тартыс қызу өтті, біз бұны күні бұрын болжадық, сөйтіп әр санат бойынша үш жеңімпаздан қарастырдық, - деді CONTACT Төлем жүйесінің Вице-президенті Светлана Фролова – Біз акцияның Банк ВТБ (Қазақстан) филиалдарында сәтті өткеніне қуаныштымыз - Банк ВТБ (Қазақстан) ақша аударымдары қызметін пайдаланушы клиенттерінің саны бойынша CONTACT жүйесінің ірі серіктес банктерінің бірі болып табылады».

Біз өз жүлдегерлерімізге Банк ВТБ Қазақстан мен CONTACT аударымдарын таңдағаны үшін алғысымызды білдіреміз және лайықты жеңістерімен құттықтаймыз:

• Оралдан Ашиков Аккун Ажибаевнаны
• Алматыдан Алиев Насанды
• Шымкенттен Смайлов Ержана Куракбаевичті
• Ақтаудан Карашев Арман Элыповичті
• Шымкенттен Ирискулов Умид Шухратовичті
• Ақтаудан Бигелов Иса Ыргизбаевичті

Анықтама:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк 6 жылдан астам Қазақстан қаржы нарығында сәтті жұмыс істеп келеді, және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі бойынша 19-шы орын алады. Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ 44 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиал желісіне ие, олардың 17-сі филиал болып табылады. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 лицензиясы.

CONTACT төлем жүйесі 1999 жылдан бастап жұмыс істейді және ақша аударатын бірінші ресейлік жүйе болып табылады. Операторы «Рапида» БНҰ (НКО). РФ ОБ шешімімен CONTACT ұлттық маңызға ие деп танылды. CONTACT жүйесі қазіргі уақытта Ресейдің және жақын шетелдердің ақша аудару саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Ресейдің және әлемнің 900-ден астам қаржы институттары CONTACT-тің серіктестері. CONTACT халықаралық желісіне 170-тен астам елді қамтитын 410 мың қызмет көрсету пункттері – банк бөлімшелері, төлем терминалдары, банктің төлем агенттерінің кеңселері және т.б. кіреді. CONTACT жүйесі 2 мыңнан астам заңды тұлғалардың – коммерциялық банктердің, сауда кәсіпорындарының, сақтандыру және туристік компаниялардың және олардың агенттерінің және т.б. мекен-жайларына төлем жасайды. CONTACT жүйесі «Тұтынушылар құқығы және қызмет көрсету сапасы – 2014» сыйлығының лауреаты, сонымен қатар «Ресейдегі №1 марка» жалпыресейлік конкурсының «Ақша аударымдары» санатының 2011, 2012, 2013 жылдардағы үш дүркін жеңімпазы болды.