Банк ВТБ (Қазақстан) БЖК-2020 бағдарламасына қатысушы ТОР – 10 банк құрамына кірді

15.06.2015 Банк ВТБ (Қазақстан) 2011 жылдың мамыр айында «Жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Қазіргі уақытта «БЖК – 2020» бірыңғай бағдарламасының шеңберінде банктің қарыз портфелінде 114 компания көмекқаржы алады және 27 шағын бизнес клиенті жалпы сомасы 350 000 000 теңгеден астам Даму қорының кепілін алды.

«Біз осы бағдарламаның белсенді дамуын жалғастыруды жоспарлап отырмыз. «Бизнес жол картасы 2020» басым экономика секторын дамытуға көмектесе отырып, бизнес-бастамаларға қолдау көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпкерлердің валюталық қауіп-қатерлерін айтарлықтай азайтады, бұл қазіргі кездегі өзекті экономикалық ақиқат», - деп, атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасы Төрағасының орынбасары Дмитрий Яковлев.

Ел экономикасын тиімді дамыту негіздерінің бірі мықты шағын және орта бизнестің қалыптасуы болып табылады. Осыны түсіне отырып, Банк ВТБ (Қазақстан) осы салаларды жекелеген бағыттарға ерекшеледі. БЖК-2020 мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде компанияларды қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға, жаңартуға және толықтыруға, сонымен қатар өндірісті кеңейтуге бағытталды.

«Даму» қоры жыл сайын арнайы әдістеме негізінде саралау арқылы «Бизнес жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыратын, екінші деңгейдің аса белсенді банктерін анықтайды. Зерттеу шеңберінде Қор 26 банк-серіктеспен және 10 лизингтік компаниямен ынтымақтасады.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді.
Банк Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан астам сәтті жұмыс істеп келеді,
Қазақстанның барлық ЕДБ арасында актив көлемі бойынша 19-ншы орында.
Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 44 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17 – филиал болып табылады. Банктің орталық кеңсесі Алматы қ. орналасқан. ҚР Ұлттық банк лицензиясының №1.2.14/39 2014 жылдың 23 желтоқсанында берілген.

Қосымша түсіндірме алу үшін әрқашан баспасөз-қызметіне хабарласа аласыз:
Татьяна Шевченко
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 41 90 ішкі 4190
Ұялы тел.: +7 707 702 45 92
e-mail: T.Shevchenko@vtb-bank.kz
web.: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazahstan