Арнайы тариф - 1 теңге!

01.06.2015 Сауда орнында Pos – терминалын орнатқан жағдайда заңды тұлғалар үшін банктік шот ашу арнайы тариф бойынша 1 теңге көлемінде!

Банк ВТБ (Қазақстан) заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін 1 теңге көлеміндегі тариф бойынша банктік (ағымдағы) шот ашу мүмкіндігін ұсынады! Жеке тариф сауда орнындағы Pos – терминалға қызмет көрсетуге арналған ағымдағы шот үшін қолданылады.

Акция Банктің барлық бөлімшелерінде 2015 жылдың 01 маусымынан 31 желтоқсанына дейін өткізіледі және Pos – терминал орнату қызметі бойынша Банкке алғаш рет келген және ашылған банктік (ағымдағы) шоты жоқ клиенттерге арналады.

Көптеген адамдар дүкендерде қолма-қол ақшамен емес, қолма-қол ақшасыз – карточкалармен төлегенді дұрыс көреді, сондықтан Банк ВТБ (Қазақстан) карталық бизнестің осы бағытын қарқынды дамытуға ниетті.

Акция шарттары туралы толығырақ ақпаратты 5050 нөмірі бойынша (кез келген ұялы телефоннан тегін) Банктің Байланыс-орталығынан алуға болады.