Жылжымалы мүлік кепілдігімен байланысты нормаларды енгізу туралы

25.05.2015 Осы арқылы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Сіздерді жылжымалы мүлік кепілдігімен байланысты келесі нормаларды енгізетіндігі туралы хабарлайды:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 308-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 39 желтоқсандағы № 269-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 307 бабының 1 тармағына кепіл шартында кепіл затын және оның бағалауын, мәнін, көлемін немесе ең жоғарғы сомасын және кепілмен қамсыздандырылатын міндеттемені орындау мерзімін көрсету қажеттігіне қатысты өзгерістер енгізілді. Онда сонымен қатар, кепілге қойылған мүліктің қай тараптың иелігінде екендігі және оны пайдаланудың қолжетімділігі туралы нұсқау бар. Тараптардың келісімі бойынша кепіл заты болып табылатын жылжымалы мүлік және (немесе) жылжымалы мүліктің жеке санаттары (машиналық жабдықты және материалдық айналым құралдарының қорларын қоса алғанда) кепілмен қамсыздандыруды нақты сипаттауды талап етусіз кепіл затының жалпы сипаттамасына ие бола алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 307 бабының 1 тармағына Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 39 желтоқсандағы № 269-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер енгізілді және шартпен немесе заңнамалық актілермен қарастырылған жағдайларда, кепіл құқығы кепілге қойылған мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған бөлінетін нәтижелеріне, өнімге және табысқа, сондай-ақ кейіннен алынған активтер мен алмастырылған активтерге таралуы мүмкін.