Ұлттық банктің бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуі туралы ақпарат

22.05.2015 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2015 жылғы 12 мамырда «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының 24 бабына сәйкес Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде 2015 жылдың 17 шілдесінен 17 қаңтарына дейінгі кезең үшін екінші шығарылым облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітті.

Облигациялар шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне 2014 жылдың 17 маусымында Е71-1 нөмірімен (сериясы С №000620) енгізілді.

Шығарылым номиналды құны 100 (жүз) теңге болатын, 20.000.000.000 (жиырма миллиард) қамсыздандырусыз купондық облигацияларға бөлінді.

2015 жылдың 17 қаңтары жағдайына қарай аталған шығарылымның 85.288.000 (сексен бес миллион екі жүз сексен сегіз мың) облигациясы орналастырылды.