Ұлттық банктің акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуі туралы ақпарат

22.05.2015 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2015 жылғы 12 мамырда «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның 24 бабына сәйкес Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде 2015 жылдың 17 шілдесінен 17 қаңтарына дейінгі кезең үшін екінші шығарылым облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітті.

Облигациялар шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне 2014 жылдың 17 маусымында Е71-2 нөмірімен (сериясы С №000621) енгізілді.

Шығарылым номиналды құны 100 (жүз) теңге болатын, 100.000.000 (жүз миллион) қамсыздандырусыз купондық облигацияларға бөлінді.

2015 жылдың 17 қаңтары жағдайына қарай аталған шығарылымның 250.000 (екі жүз елу мың) облигациясы орналастырылды.