Сергей Гусаров Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-дағы өз қызметін аяқтады

25.05.2015 Сергей Гусаров Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-дағы өз қызметін бес жыл сәтті жұмысынан кейін аяқтады. Осы уақыт ішінде оның командасы әмбебап банк құру бойынша едәуір жетістіктерге жете алды: жаңадан және шағын кеңседен бастай отырып, ВТБ Қазақстан жергілікті нарықтағы елеулі ойыншыға айналды. Бас кеңсені есепке алмағанда, жергілікті желіге 17 филиал мен 30-дан аса сату орындары кіреді. 2013 жылы банк зиянсыздыққа шықты, ал 2014 жыл қорытындылары бойынша ВТБ Қазақстанның таза пайдасы баламалы түрде 4.6 млн долларды құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштерден едәуір асады. Банк ВТБ (Қазақстан) таңдаған даму стратегиясын одан әрі де ұстанады және келешекте де бизнесті кеңейтуді жалғастырады. Банктің басқарма төрағасының міндетін атқарушы ретінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ төрағасының бірінші орынбасары Александр Костян тағайындалды.