Құрметті клиенттер

30.04.2015 Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Сіздерге 2015 жылғы 08 мамырдан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемнің барынша жоғары сомасы (5 000 000 теңгеден) он миллион теңгеге дейін ұлғайтылғанын хабарлайды.

Шетел валютасындағы депозиттер бойынша мемлекеттік кепілдік берілген өтемнің барынша жоғары сомасы өзгерген жоқ және 5 миллион теңгені құрайды.

Егер Сіздің бірнеше депозиттеріңіз немесе шоттарыңыз болса, оның ішінде шетел валютасында, мемлекеттік кепілдік осы салымдардың барлығына таралады, бірақ бір банктегі бір салымшыға 10 миллион теңгеден аспайды.

Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мемлекеттік кепілдік беру мыналарға таралады:
• Жеке тұлғалардың ұлттық және шетел валютасындағы депозиттері;
• Ағымдағы шоттарда жатқан ақша;
• Төлем карточкасы пайдаланылатын ағымдағы шоттарда жатқан ақша.

Банк ВТБ (Қазақстан) депозиттерге міндетті түрде кепілдік беретін/сақтандыратын жүйеге қатысушы, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ 18.05.2009 ж. берген куәлік №40.