Банк ВТБ (Қазақстан) автонесиелендіру портфелін 89% ұлғайтты

30.04.2015 Банк ВТБ (Қазақстан) жаңа автокөлік сатып алуға арналған несиелерді белсенді түрде беруде, осылайша Қазақстанда автокөлік сату нарығының дамуына өз үлесін қосуда.01.04.2015 ж. Банктің автонесиелендіру портфелінің көлемі 2014 ж. осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі есегеартты. Банктің бөлшек сауда портфеліндегі автонесиелер үлесі 3,3% өсті.

Дмитрий Яковлев, Банк ВТБ (Казахстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасының орынбасары: "Өткен жылдың ортасынан бастап біз автонесиелендірудің көлемін ұлғайтуға бел будық және тәжірибе көрсеткендей, бұл шешім дұрыс болып шықты. Қазіргі сәтте Банк несиелерді автосалондарда беру процесін автоматтандыру жобасын аяқтап жатыр, бұл өз кезегінде біздің клиенттерімізге несиені тікелей салонда барынша тез және ыңғайлы ресімдеуге мүмкіндік береді. Біз серіктес-автосалондар қатарын көбейтуді және өнім талаптары мен клиенттергеарналған сервисті одан әрі жетілдірудіжалғастырып жатырмыз».

Банк мамандары қазіргі сәтте жеңіл автокөліктер санатындасатылу жағынан алдыңғы қатарға шыққан жеңіл автокөліктерді атап көрсетті, олар: LADA, Toyota, Hyundai және KIA.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі.
ҚР Ұлттық Банкінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BB+»/ деңгейдегі «Жағымсыз» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын түзеді.
ВТБ тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа және Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар.
ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).