Банк ВТБ (Қазақстан) Алматыда 2017 жылғы Универсиаданың ең маңызды нысандарының бірін қаржыландырды

20.04.2015 ВТБ тобы спорттық нысандарды белсене қаржыландыруды жалғастыруда. Сонымен, 2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық аясында Банк ВТБ (Қазақстан) маңызды спорт нысаны - Мұз айдынын қаржыландырды.

Мұз сырғанағы бар «Мұз айдыны» спорттық кешеннің құрылысы Алматы қаласының Медеу ауданында Құлжа және Талғар даңғыл жолдары арасында Алматы Шығыс Айналма автожолы (АШАА) бойынша басталып та кетті. Компаниялар тобының еншілес ұйымы «BAUR Kazakhstan» - «Ария-Жана Астана» ЖШС нысан құрылысы бойынша Бас мердігер болып отыр.

Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Сергей Гусаров: «Банк ВТБ (Қазақстан) әрқашан маңызды жобаларды, әсіресе, келешекте халықаралық жарыстарды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін осындай жобаларды, сондай-ақ концерттер мен мәдени-ойын-сауық шараларын белсене қаржыландырады. Кешен 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың басты нысандарының бірі ғана болып қалмай, спортпен айналысатын сүйікті орындардың біріне айналатынына және оңтүстік астанамыздың тұрғындары мен қонақтарын белсенді өмір салтын жүргізуге құлшындыра түседі деп сенеміз».

Спорт кешенінің жоспарланған алаңы 17 мың шарты метрден асады. «Мұз айдыны» 3 мың көрерменге есептелген. Құрылыс 2016 жылғы желтоқсан айында аяқталуы тиіс.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі.
ҚР Ұлттық Банкінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BB+»/ деңгейдегі «Жағымсыз» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын түзеді.
ВТБ тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа және Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар.
ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).