Банк ВТБ (Қазақстан) 2015 жылғы 1 тоқсанға қаржылық нәтижелерді жариялайды

14.04.2015 Алматы – Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы 01.04.2015 жылғы жағдай бойынша қаржылық есептілігін жариялайды.

Негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштер 2015 жылғы 1 тоқсанға:
• Банк активтері 2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 142 428 млн. теңгені құрады;
• Міндеттемелері 125 383 млн. теңгені құрады;
• Банктің несие портфелі провизияларды есепке ала отырып, 2015 жылғы 1 сәуірде 106 373 млн. теңгені құрайды. Несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде;
• Клиенттердің шоттарындағы және депозиттеріндегі қаражат көлемі жыл басымен салыстырғанда 3,2% өсіп, 2015 жылғы 1 сәуірде 101 891 млн. теңгені құрады;
• Таза пайыздық кіріс резервтерді қалыптастырғанға дейін 2015 жылғы 1 тоқсанда өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,7% өсіп, 2 245 млн. теңгені құрады;
• Таза комиссиялық кіріс 1 тоқсанда, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,3% өсіп, 529 млн. теңгеге жетті;
• Банктің таза шығыны 2015 жылғы 1 тоқсанда 1 054 млн. теңгені құрады.

Банк ВТБ (Қазақстан) өзінің қаржы айқандамасының тұрақтылығы мен орнықтылығын көрсетуді және Банк клиенттері қаражаттарының сақталуын қамтамасыз етуді жалғастырады. Бизнес-процесстердің тиімді және оралымды жүйесі және тәуекелдерді басқарудың салмақталған тәсілдемесі арқасында, Банк өзгерістерге жедел әрекет етеді және клиенттерге оңтайлы өнімдік шешімдер ұсынады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі.
ҚР Ұлттық Банкінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BB+»/ деңгейдегі «Жағымсыз» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын түзеді. ВТБ тобы – бұл 20 ТМД,
Еуропа және Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар.
ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).
ВТБ тобы көрсетілетін қаржы қызметтерінің кең түрін ұсынады, оның ішінде жеке және корпоративтік клиенттерге банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржы қызметтері, соның ішінде лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру.