Банк ВТБ (Қазақстан) Қазақстан бойынша Subaru авто орталығында жаңа автоны 0% бастапқы жарнамен сатып алу үшін кредитті ұсынады

02.04.2015 Банк ВТБ (Қазақстан) өнім стратегиясы банк өнімдерін және қызметтерін тиімді және сапалы ұсыныс беру арқылы клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру үшін бағытталған. Осы стратегияны іске асыру аясында Банк Қазақстандағы Subaru ресми дистрибьютормен бірге бірлескен акцияның басталуы туралы хабарлайды, Банктің клиенттері Subaru автокөлігін сатып алу үшін 0% бастапқы жарнамен кредитті ресімдеуге мүмкіндіктері бар.

Авто кредиттеу (авто салондар) бағдарламасының аясында қарызды 7 жыл мерзімге дейін 20 000 000 теңге мөлшерінде алуға болады.

Subaru авто орталығынан басқа Банк клиенттері жаңа автоны сатып алу үшін келесі авто салондарында 0% бастапқы жарнамен кредиттіалуға мүмкіндіктері бар: «Астана Моторс» ЖШСМотор компаниясы (Алматы, Астана), «Автомир-Центр» ЖШС (Қарағанды), «Terra Motors» ЖШС (Астана), «АВТО ЦЕНТР-САРЫАРКА» ЖШС (Астана), «Мицубиши Центр Астана «TERRA MOTORS» ЖШС (Астана), «Автоцентр Актобе» ЖШС (Ақтөбе), «Актобе-Авто-Люкс» ЖШС (Ақтөбе).

2014 жылдың қазанынан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) автокөлікті сатып алу үшін автосалондарында – Банк әріптестері кредитті ұсынады. Бүгінгі күні Банктің сату орындарының саны - 27 автосалонды құрайды. Банк мамандарының ақпараты бойынша, қарыз алушылар жаңа автоны сатып алуға таңдау жасайды, өйткені автоны сатып алу үшін кредитті жылдам ресімдеу және ең аз құжаттар пакеті салонның негізгі ерекшелігі болып табылады – Банктің менеджерлеріне хабарласқаннан кейін көп ұзамай өзіңіздің жаңа автокөлігіңізді айдап кетуге болады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі.
ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы 23.12.2014 жылғы №1.2.14/39.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады.
ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар.
ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).