Банк ВТБ (Қазақстан) арнайы акциясы - "Банк кепілдігі" банк шотын ашу үшін 1 теңге мөлшерінде тарифпен

12.03.2015 Банк ВТБ (Қазақстан) өз клиенттеріне бизнесті дамыту үшін үнемі жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Банк шағын бизнес клиенттеріне арнайы банк (ағымдағы) шотын ашу үшін 1 теңге мөлшерінде тарифпен «Банк кепілдігі» акциясын жариялайды.

Акция Қазақстанның аумағында 2015 жылдың 01 сәуірінен бастап 30 маусым аралығында өтеді және банк кепілдігінің барлық түрлеріне таратылады. Акцияның шарттары туралы толық ақпаратты Банктің Байланыс-орталығында 5050 нөміріне (кез келген ұялы телефоннан тегін) хабарласып, алуға болады.

Біздің сайтта (http://www.vtb-bank.kz/juridical/application/) банк кепілдігін алу үшін алдын ала өтінімді дайындадық, өтінімді толтырғаннан кейін Банктің менеджерлері банк кепілдігін ұсыну шарттарын анықтау үшін сізбен хабарласады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі
ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы 23.12.2014 жылғы №1.2.14/39.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады.
ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).