Банк ВТБ (Қазақстан) Алматы қаласында сегізінші қосымша офисін ашты

16.03.2015 Бөлшектеп сату бизнесін дамыту стратегиясын іске асыру аясында, Банк өз клиенттеріне жақын бола отырып, филиал желілерін кеңейтуді жалғастырады. Алматы филиалының жаңа сегізінші бөлімшесі Әуезов көшесі, 69 үй мекенжайында ашылды.

Жаңа жайлы офисте Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттері жеке тұлғаларға арналған банк қызметтерінің кеңейтілген спектрін алуға мүмкіндіктері бар: есеп-айырысу – кассалық қызмет көрсету, Интернет-банкинг қызметін қосу, банк картасын рәсімдеу, бүкіл әлем бойынша ақшалай аударымдарды жіберу, валютаны сатып алу немесе сату, салымдар ашу, сонымен қатар банкоматтың қызметтерін пайдалану. Банк мамандары әрбір клиентке ең тиімді ұсыныстарды таңдап, қызығушылық танытатын өнімдермен қызметтер бойынша толық ақпаратты ұсынуға дайын.

Бахтияр Абдраимов, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Алматы филиалының директоры: «Біздің командамыздың тиімді жұмысы, бәсекелес өнімдерімен қызметтері, сонымен қатар клиенттермен қарым-қатынастың икемді жүйесі – осының барлығы бізге басты көрсеткіштердің өсуіне және дамудың жаңа кезеңіне шығуға ықпал етті.Соңғы жылда Алматыда жаңа банк жабдықтарымен жабдықталған Банктің жаңа төрт офисі ашылды, бұл клиенттерге сапалы және жылдам қызмет көрсетеді және жаңа офистің сервисін, қызметін және ыңғайлы орналасқан орнын бағалайтынына сенеміз. Жаңа бөлімшенің жоғары білімді қызметкері қызмет көрсетудің ең жоғары стандарттары бойынша ұсынуға тырысады».

Банктің жаңа бөлімшесі қаланың ортасында, Әуезов көшесі, 69 үй, Шевченко көшесінің қиылысында орналасқан.
Жұмыс тәртібі: дс– жм сағат 09.00-ден19.00–ге дейін, сенбі сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.