Клиенттерді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның Орал қаласындағы филиалының жаңа кеңсесіне шақырамыз

11.03.2015 Банк ВТБ (Қазақстан) Орал қаласындағы Филиалы 11 наурыз күні жаңа кеңсенің ресми ашылуын атап өтті. Филиал ұжымын құттықтау үшін құрметті қонақтар келді: Батыс Қазақстан облысы әкімінің кәсіпкерлікке қолдау көрсету және дамыту жөніндегі орынбасары И.В. Стексов, ҚР Ұлттық банкінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы Директорының орынбасары С.С. Родин, «Даму» КҚҚ»Аймақтық филиалының Директоры Е.А. Иденов, Аймақтық кәсіпкерлер палатасының Директоры К.Г. Абсатиров, сондай-ақ Банк клиенттері.

Өз құттықтау сөзінде Банк ВТБ (Қазақстан) Орал қаласындағы Филиалы Директорының м.а. Аида Ипатова ұжымды жаңа кеңсеге көшуімен құттықтап, қонақтарға Банк үшін соншалықты маңызды шараға қатысқаны үшін алғысын білдірді: «Филиалдың барлық әріптестері мен клиенттеріне арамыздағы сенім мен өзара құрметке негізделген әріптестік үшін өзімнің үлкен алғысымды білдіремін. Сіздердің қолдауыңыз бен ниетіңіз біздің Банктің тұрақты қызмет етуінде шешуші рөл ойнайды»,- деп баса айтты өз сөзінде.
А.Ипатова сондай-ақ Филиалдың Ж.Молдағалиев к-сі, 18 үй мекен-жайы бойынша орналасқан бұрынғы кеңсесі Филиал бөлімшесі ретінде өз жұмысын жалғастыратындығын нақтылап өтті.

Филиалдық желінің кеңеюі туралы Банк 2014 жылдың басында өзінің жаңа Бөлшек бизнесті дамыту стратегиясын таныстыру барысында хабарлаған болатын. 2014 жылы Банк Астанада, Алматыда, Таразда, Көкшетауда, Өскеменде және өзге де қалаларда жаңа кеңселерін ашты.

Сергей Родин, ҚР Ұлттық банкі Батыс Қазақстан облыстық филиалы Директорының орынбасары: «Банк ВТБ (Қазақстан) одан әрі де қала экономикасының дамуына қызмет етіп, өз еңбегімен жерлестеріміздің әл-ауқатының артуына ықпал етіп, банктік бизнестің жаңа биіктерін сенімді алуды тілеймін.».



Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі.
ҚР Ұлттық банкінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады.
ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).