Банк ВТБ (Қазақстан) шағын бизнеске арналған «Прибыльный» жаңа салымын іске қосты

10.03.2015 Банк ВТБ (Қазақстан) шағын бизнес өкілдеріне арналған жаңа өнімді - «Прибыльный» салымын іске қосты.

Салымды теңгеде, АҚШ долларында және ресейлік рубльде1 айдан 48 айға дейінгі мерзімге ашуға болады. Салымның минимальді сомасы - 150 000 теңге/1000 АҚШ доллары/30 000 рубль. Сыйақы төлеу салымды орналастыру мерзімінің соңында жүзеге асырылады. Ішінара алу және қосымша салымдар салу көзделмеген.

Дмитрий Яковлев, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасының Орынбасары – Басқарма Мүшесі: «Прибыльный» салымын дайындау барысында біз оның қазіргі кездегі нарықтық жағдайларға толықтай жауап беруіне баса назар аудардық. Салым шағын бизнес өкілдеріне тұрақты жоспарлы табыс табуға, сондай-ақ қысқа мерзімді ликвидтілікті тиімді басқаруға мүмкіндік береді».

«Прибыльный» салымы кәсіпкерлерге максимальді табыс табуға мүмкіндік беріп, компанияның еркін ақшалай қаражатын жағымсыз инфляция әсерінен қорғайды. Салымды орналастырудың қолжетімді минимальді шегі, икемді мерзімдер, пайдалы пайыздық мөлшерлемелер және қаражаттың қауіпсіздігі – осы өнімнің негізгі артықшылықтары.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі.
ҚР Ұлттық банкінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады.
ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).