2014 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындардың Банк ВТБ (Қазақстан) салынған салымдары 9% көбейді

10.03.2015 2014 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың Банк ВТБ (Қазақстан) салынған мерзімді салымдар қоржынының көлемі 20,3 млрд. теңгені құрады. 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қоржын 1,7 млрд.теңгеге немесе 9% өсті.

Дмитрий Яковлев, Басқарма Төрағасының Орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Мүшесі: «Банкке салынған мерзімді салымдар тұрғындар арасында сұранысқа ие – бұл қоржынның өсуін көрсетеді. Орналастыру мерзімі және табыстылық бөлігінде өнімдерді жетілдіру үшін біз үнемі жұмыстарды жүргізудеміз. Мысалы, ақпанның басында салымшыларға «Жинақ» және «Жинақтаушы» салымдары бойынша қосымша сыйақы есептелетін акцияны іске қостық. Біз әрбір салымшыға тиімді бағдарламаны таңдап беруге көмек береміз.».

2015 жылдың 1 ақпанымен 31 желтоқсан аралығында 12 ай мерзімге «Жинақ» немесе 12/24 ай мерзімге «Жинақтаушы» салымдарын теңгемен ашқан Банктің клиенттері салым бойынша қолданыстағы сыйақы мөлшерлемесіне жылдық 1% мөлшерінде қосымша сыйақы алады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі
ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы 23.12.2014 жылғы №1.2.14/39.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады.
ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).