Шағын бизнес субъектілеріне арналған Банк ВТБ (Қазақстан) Үшінші тұлға үшін банк кепілдігі»

06.03.2015 Банк ВТБ (Қазақстан) шағын бизнес үшін жаңа өнімді шығарды - «Үшінші тұлға үшін банк кепілдігі».

Өнімнің шарттарына сәйкес, Банктің клиенті болып табылмайтын немесе кепілдікті алуға қаражаты жоқ кәсіпкер Банк шығарған кез келген кепілдікті ала алады, егер Банк ВТБ (Қазақстан) қолданыстағы клиенті осы кепілдік бойынша өтініш беруші болып шықса.

Дмитрий Яковлев, Басқарма Төрағасының Орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Мүшесі: «Біз өз клиенттерімізге контрагенттермен кез келген өзара байланысты қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын кепілдіктерді ұсынамыз. Компанияларға айналымдағы өз қаражатын жұмсамай ұсынылатын мүмкіндік, бұл бизнестің көлеміне тәуелсіз. Біздің жаңа өніміміз – «Үшінші тұлға үшін банк кепілдігі» біздің клиентіміз болмайтын немесе кепілдікті шығару үшін уақытша мүмкіндіктері жоқ компанияларға кепілдіктің кез келген түрін алуға рұқсат береді. Бұл байланысты компаниялары үшін өте ыңғайлы, егер біреуі кепілдікті алу үшін Банктің талабы бойынша келмесе, ал екіншісі – оған сәйкес келеді».

Жаңа өнімнің негізгі ерекшелігі – Банктің клиенті болып табылмайтын компаниядан құжаттарды ұсыну қажеттілігінің жоқтығы, оған қойылған талабының жоқтығы, сонымен қатар Банктің кең өнімінен кепілдікті таңдау мүмкіндігі: тендерлік кепілдік, міндеттемелерді орындау посттендерлік кепілдігі, келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау кепілдігі, төлеу кепілдігі, алғытөлемді қайтару кепілдігі және кепілдіктің басқа түрлері.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі
ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы 23.12.2014 жылғы №1.2.14/39.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады.
ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).