Банк ВТБ (Қазақстан) Шымкент филиалы жаңа офиске көшті

04.03.2015

Шымкент қаласындағы Банк ВТБ (Қазақстан) филиалы 4 наурызда ерекше мәні бар күн – жаңа офиске көшуді тойлады.

Банк филиалының жаңа офисін ресми түрде ашылуы Басқарма Төрағасының Орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Мүшесі Д.Е. Яковлевтың, ҚР Ұлттық Банкінің Оңтүстік-Қазақстан филиалының Директоры К.К.Садыковтың, ОҚО Кәсіпкерлер Палатасының Директоры Ж.К. Дулатовтың, Оңтүстік – Қазақстан облысы бойынша «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалының директоры С.М. Ахилбекованың, сонымен қатар Банктің құрметті клиенттерінің қатысуымен өтті.

Дмитрий Яковлев, Басқарма Төрағасының Орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Мүшесі: «Банк ВТБ (Қазақстан) ең басты табысы және өркендеуі клиенттердің өзара қарым-қатынасы болып табылады. Әрбір қалада Банктің орналасуы клиенттермен сенімді және нәтижелі өзара байланысты жасайды, клиентке қызметті жоғары деңгейде көрсету біз үшін өте маңызды. Қазақстанда банк өз қызметін алғашқы рет бастаған кезеңінен бастап, біз қызмет және өнімдер спектрін үнемі жетілдіреміз, қызмет көрсету сапасын жақсартамыз. Клиенттерге сенімді серіктес бола отырып, біз әрқашан олармен біргеміз».

Басқарма Төрағасының Орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Мүшесі Д.Е. Яковлев және ҚРҰБ Оңтүстік-Қазақстан филиалының басшысы К.К.Садыков салтанатты түрде Филиалдың ресми ашылуын көрсететін лентаны кесті.

Шымкент қаласының тұрғындарын және қонақтарын Қонаев даңғылы 31 мекенжайында орналасқан Банк ВТБ (Қазақстан) Филиалының жаңа офисіне шақырамыз.







Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі
ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы 23.12.2014 жылғы №1.2.14/39.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады.
ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).