Банк ВТБ (Қазақстан) және CONTACT Төлем жүйесі «CONTACT-пен бірге көктемге» атты акцияны жариялайды

02.03.2015 2015 жылдың 1 наурызынан бастап 31 мамырына дейін Банк ВТБ (Қазақстан) CONTACT Төлем Жүйесімен бірге «CONTACT-пен бірге көктемге» атты акцияны өткізеді.

Акция қатысушысы атану үшін Банк клиенті* акция әрекет ететін кезеңде Банк ВТБ (Қазақстан) кез келген бөлімшесінде CONTACT Жүйесінде ақша аударымын жүргізуі қажет. Жөнелтілген ақша аударымдарының көлемі мен саны неғұрлым көп болса, акция жеңімпазы атану мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Акцияның қорытындысы бойынша екі санат бойынша алты жеңімпаз анықталады:

- жөнелтілген ақша аударымдарының ең көп көлемін жүзеге асырған клиенттер (3 адам);
- ең көп ақша аударымдарын жөнелткен клиенттер** (3 адам).

Әрбір санат шеңберінде жеңімпаздар үш ұтыс орны бойынша марапатталатын болады. Бірінші орын үшін жеңімпаз LED теледидарға ие болса, екінші орын үшін Blu-ray үй кинотеатры, ал үшінші орын үшін Blu-ray ойнатқышы сыйға тартылады

«CONTACТ-пен бірге көктемге» акциясына қатысу туралы толық ақпаратты Банктің кез келген бөлімшесінен және 5050 телефоны бойынша (ұялы телефоннан тегін) алуға болады.

*Акция қатысушылары болып Қазақстан Республикасының заңнамасының және Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес CONTACT Төлем Жүйесі бойынша банктік шотты ашпастан ақша аударымдарын жүзеге асыруға құқылы клиенттер табылады.
**Ақша аударымын жөнелтудің ең төмен сомасы – 300 АҚШ долларынан кем емес.


Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі
ҚР Ұлттық банкінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).