Банк ВТБ (Қазақстан) шағын бизнес үшін аккредитивтер шығарады

11.02.2015 Банк ВТБ (Қазақстан) «Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған аккредитивтер» атты шағын бизнеске арналған жаңа өнімді шығару туралы хабарлайды.

Бизнес иегерлеріне аккредитивтердің алуан түрлері ұсынылады: жабылған/жабылмаған, құжаттарды ұсыну бойынша төлемдермен/төлемнің мерзімін ұзартумен аккредитивтер және аралас төлем арқылы орындалатын аккредитивтер. Сондай-ақ Банк трансферабельді (аудармалы) және сақтық қор аккредитивтерін ұсынады.

Аккредитивтер жеке құрал ретінде немесе кредиттік желі шеңберінде ұсынылуы мүмкін.

Елдің резиденті болып табылатын бенефициарлардың пайдасына аккредитивтер теңгеде, бейрезиденттердің пайдасына клиент пен оның әріптесінің арасындағы шарт талаптарына сәйкес кез келген валютада ұсынылады. Бұл кезде аккредитивтің ең көп сомасы – 750 000 000 теңгеден (немесе өзге валютадағы баламасы) артық емес.

Аккредитивтің әрекет ету мерзімі клиенттің талаптарына және клиент пен оның әріптесі арасында жасалған шарттың талаптарына байланысты болады.

Аккредитив бұрыннан-ақмәміленің барлық қатысушылары жеңіске жететін есеп айырысудың ең қорғалған түрі ретінде белгілі. Банк ВТБ (Қазақстан) аккредитивтерін пайдалана отырып, сатып алушы жеткізуші алдындағы өзінің төлем қабілеттігіне кепілдік береді және жаңа әріптестермен жұмыс кезінде туындайтын қауіптерден қорғалады. Сатушы жөнелтілген тауардың немесе көрсетілген қызметтің ақысының уақытылы төленуіне кепілдік алады, бұл өз кезегінде оған нарықты тезірек игеруге және өз клиенттерінің қатарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі
ҚР Ұлттық Банкінің 2014 жылдың 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).