Қостанайда «жеңіл» форматта Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшесі ашылды

05.02.2015

Қостанай қаласындағы Банк ВТБ (Қазақстан) филиалы қаланың барлық тұрғындарын және қонақтарын Әл-Фараби, 67 мекенжайында орналасқан «жеңіл» форматтағы жаңа бөлімшеге шақырады.

«Жеңіл» форматтағы жаңа бөлімшеде, касса болмағандықтан осылай айтылған, Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттері Банктің өнімдері және қызметтері туралы толық ақпаратты алуға (депозиттер, кредиттер, аударымдар, төлем карталары және т.б.), сонымен қатар банкомат арқылы қолма-қол ақшаны беру және қабылдау қызметтерімен бірнеше қаржылық операцияларды жүргізуге мүмкіндіктері бар.

Банктің ұқсас бөлімшелері Қазақстанның көптеген қалаларында жұмыс істейді. Клиенттердің айтуы бойынша, «жеңіл» форматтағы бөлімшелер қызмет көрсетудің сапалы және жоғарғы жылдамдықты қамтамасыз етеді.

Светлана Ким, Қостанай қаласындағы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Филиалының Директоры: ««Жеңіл» форматтағы бөлімшелердің жұмысы уақытты үнемдеуге бағытталған. Жылдам және сапалы қызмет көрсету клиенттер үшін қаржы қызметтерінің қол жетімділігін көтереді».

«Жеңіл» бөлімшелерін кеңейту арқылы Банк ВТБ (Қазақстан) мемлекеттің барлық өңірлерінде толық форматты бөлімшелердің дамыған желілері бар.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР Ұлттық Банкінің 23.12.2014 жылғы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Жағымсыз» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады.
ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).