«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ» АҚ </br> АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

10.02.2015 ҚР Үкіметі пен Ұлттық Банкінің 2014 жылдың 24 желтоқсанындағы бірлескен мәлімдемесінде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасын арттыру жөнінде шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасын бір салымшыға бір банк бойынша 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін арттыру бойынша ҚР заңнамасына енгізілетін өзгерістер ҚР Парламентінде қаралып жатыр.

Аталған шара салымшылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға, отандық банк жүйесіне жұртшылықтың сенімін арттыру және банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

2006 ж. 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» ҚР Заңына сәйкес қазіргі таңда кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасы бір салымшыға бір банк бойынша 5 млн. теңгені құрайды. Ислам банкінен өзге барлық 37 екінші деңгейдегі банктер депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың депозиттеріне, сонымен қатар ағымдағы және карт-шоттардағы ақшасына кепілдік береді.