Банк ВТБ (Қазақстан) Бонус «+ жылдық 1%» салымдар бойынша акцияны іске қосты

02.02.2015 Банк ВТБ (Қазақстан) Бонус «+ жылдық 1%» акцияны іске қосты, осының аясында «Жинақ» салымын 12 ай мерзімге немесе «Жинақтаушы» салымын 12/24 ай мерзімге теңгемен ашқысы келетін клиенттерге – жеке тұлғаларға қолданыстағы сыйақы мөлшерлемесіне жылдық 1% мөлшерінде салым бойынша қосымша сыйақы есептеледі.

Дмитрий Яковлев, Басқарма төрағасының орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма мүшесі: «Банкпен жеке тұлғаларға ұсынылатын салымдар жеке жинақ ақшаларын көбейтетін жақсы тәсіл болып табылады. Біздің клиенттер салымның сақтау мерзімінен тыс ең көп табыс алсын десек, біз үнемі салым бойынша шарттарды жетілдіреміз. Осындай ұқсас акциялармен біз өз клиенттерімізге сыйлық беруге және жеке қаражаттарымен тиімді басқаруды және оларға жоғары табысты қамтамасыз етуге тырысамыз».

Бонус «+ жылдық 1%» акциясы 2015 жылдың 01 ақпанынан бастап 31 желтоқсан аралығында өткізіледі.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ –ның 100% еншілес Банкі.
23.12.2014 жылғы №1.2.14/39 ҚР ҰБ Лицензиясы Банкке Standard & Poor’s Агенттігінің «ВВ+»/ «Жағымсыз» болжамы деңгейінде халықаралық рейтинг берілген.
Банк салымдарды сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары өз қызметін ресейлік және шетел нарықтарында жүргізетін халықаралық қаржылық топты құрайды.
ВТБ Тобы – бұл ТМД, Еуропа, Азия және Африканың 19 еліндегі 20-дан астам банк пен қаржылық компаниялар. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%). ВТБ Тобы жеке және корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетуді, инвестициялық-банктік қызметтерді және лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты қосымша қаржылық қызметтерді қоса алғанда, қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынады.