Банк ВТБ (Қазақстан) «Жаңа жылға ВТБ кредиттік картасымен» Акциясының жеңімпаздарын марапаттады

23.01.2015 2015 жылдың 23 қаңтарында Банктің Алматы филиалының кеңсесінде «Жаңа жылға ВТБ кредиттік картасымен» атты Акцияның жеңімпаздарын марапаттау өткізілді. Акция Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ кредиттік карталарын ұстаушылар арасында жүргізіліп, Банк клиенттері арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Акция кредиттік картаны пайдаланудың артықшылықтарын және ыңғайлылығын көрсету мақсатымен Жаңа жыл қарсаңында 2014 жылдың 1-31 желтоқсаны аралығында жүргізілді. Банктің көптеген клиенттері үшін кредиттік карта қызмет көрсетудің жеңілдік кезеңі шеңберінде артық пайызсыз Жаңа жыл мен Рождество мейрамдары қарсаңында өз туыстары мен жақындарына одан да көп көлемде сыйлықтар мен тосын сыйлар жасауға үлкен мүмкіндік болып табылады. Өз Клиенттері үшін Банк ВТБ (Қазақстан) кредиттік карточка қаражатын 2 айға дейін ақысыз пайдалану мүмкіндігін ұсынады.

Акция қорытындысы бойынша 480 000 теңге сомасына әлемнің кез келген еліне сапарға сертификат, теледидар және ультрабук сияқты жүлделі сыйлықтардың иегерлері анықталған ұтыс ойыны өткізілді. Бас жүлделі сыйдың – сапар сертификатының иегері болып Вадим Пак (Алматы қ.), ал өзге екі сыйлықтың иегері болып Александр Сагатинов (Алматы қ.) және Марат Анаев (Семей қ.) танылды.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасының Орынбасары – Басқарма мүшесі Дмитрий Яковлев және Банктің Алматы филиалының Директоры Бахтияр Абдраимов Алматы қаласының сыйлыққа ие болған бақытты тұрғындарын құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.

Дмитрий Яковлев айтып өткендей: «Банк ВТБ (Қазақстан) өз Клиенттерін түрлі қызықты өнімдік ұсыныстармен қуантып, түрлі акциялар жиі ұйымдастырады. Біз өз Клиенттеріміздің сенімін бағалаймыз және ВТБ Тобының ең жақсы тәжірибесінен қызметтердің кең ауқымын, түрлі сервистерді ұсыну арқылы осы сенімді ақтауға тырысамыз».

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ –ның 100% еншілес Банкі.
23.12.2014 жылғы №1.2.14/39 ҚР ҰБ Лицензиясы Банкке Standard & Poor’s Агенттігінің «ВВ+»/ «Жағымсыз» болжамы деңгейінде халықаралық рейтинг берілген. Банк салымдарды сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары өз қызметін ресейлік және шетел нарықтарында жүргізетін халықаралық қаржылық топты құрайды.
ВТБ Тобы – бұл ТМД, Еуропа, Азия және Африканың 19 еліндегі 20-дан астам банк пен қаржылық компаниялар. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%). ВТБ Тобы жеке және корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетуді, инвестициялық-банктік қызметтерді және лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты қосымша қаржылық қызметтерді қоса алғанда, қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынады.