Банк ВТБ (Қазақстан) Алматы қаласындағы жаңа офиске шақырады

15.01.2015 Жаңа қосымша офис Алматы қ., Жетісу ы/а 4, 1 үй мекенжайында орналасқан.

Жаңа офисте Банктің клиенттері банк қызметінің кең спектрін алуға мүмкіндіктері бар: есеп – айырысу – кассалық қызмет көрсету, валюталық – айырбастау операциялары, кредиттер, депозиттер, бүкіл әлем бойынша ақша аударымдары, Интернет-банкинг қызметін қосу. Банктің мамандары әр клиентке ең тиімді ұсынысты таңдап, мүдделі өнімдері және қызметтері бойынша толық ақпаратты ұсынуға дайын.

Бахтияр Абдраимов, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Алматы филиалының директоры: «Біздің бірінші клиенттер жаңа қосымша офистің ресми ашылуына келді: біреулері валютаны айырбастаса, басқалары – салымды рәсімдеді. Клиенттер бізді күткені туралы айтады. Олар біздің орналасқан орнымызды, сервисті және қызметтерімізді абыроймен бағайлатынына сенеміз. Жаңа офистің жоғары білімді қызметкерлері ең жоғары стандарттары бойынша қызмет көрсетуді ұсынуға тырысады».

Бөлшек сауда бизнесті дамыту стратегиясын іске асыру шеңберінде Банк өз клиенттеріне жақын бола отырып, филиал желілерін кеңейтуді жалғастырады. Жаңа қосымша офис – Банктің Алматы филиалының офис желілерінде сатудың жетінші орыны. 2014 жылы мемлекеттің бүкіл өңірлері бойынша стандарттық және «жеңіл» форматта Банктің 18 жаңа офисі ашылды.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі.
ҚР ҰБ 06.10.2014 жылғы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).