Шымкентте Банк ВТБ (Қазақстан) жаңа офисі ашылды

24.12.2014 Қазақстанның ірі қалаларының бірінде – Шымкентте кассалық қызмет көрсетусіз «жеңіл» форматтағы Банк ВТБ (Қазақстан) жаңа офисі ашылды. Жаңа форматтың бөлімшесі Рысқұлов к-сі, 28 мекенжайында орналасқан.

Жаңа бөлімшеде клиенттер Банктің өнімдері және қызметтері туралы ақпаратты алуға, өздеріне кредиттік бағдарламалары бойынша тиімді шарттарды таңдауға, сонымен қатар банкомат арқылы ақшаны қолма-қол алу және беру қызметтерімен бірнеше қаржы операцияларын жүргізуге мүмкіндіктері бар.

Дмитрий Яковлев, Басқарма төрағасының орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма мүшесі: «Банкті дамыту стратегиясы барлық қалаларда бөлімшелердің желілерін дамытуды болжалайды. Біз өзіміздің сату желілерін кеңейтеміз және біздің клиенттерімізге жақын болуға тырысамыз. Бұдан басқа, Банктің жаңа офистерін ашып, қосымша жұмыс орындарын құруға және өңірлерде экономикалық белсенділікті көтеруге ықпал етеді».

Әділет Темірханов, Шымкент қаласындағы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Филиалының Директоры: «Банк ВТБ (Қазақстан) кеңейту арқылы бұдан әрі жұмысымызды ең тиімді жасап, біздің клиенттерімізге жақын бола аламыз. Банк Филиалының жаңа бөлімшелерінің кәсіби мамандар командасы әрбір хабарласқан клиентке, оның сұрауына тиісті өнімдерді және қызметтерді ұсынады».

Банк Филиалының басшысы Шымкент қаласындағы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Филиалының өзгерген мекенжайы туралы хабарлады. Филиалдың жаңа офисі Қонаев к-сі, 31 мекенжайында орналасқан.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі.
ҚР ҰБ 06.10.2014 жылғы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).