Интернет-Банкинг «Online VTB» жүйесін пайдаланатын жеке тұлғалар үшін төлемдердің жаңа түрлері

22.12.2014 Банк ВТБ (Қазақстан) Интернет-Банкинг «Online VTB» жүйесіндегі жаңа енгізулер туралы хабарлайды – Банктің клиенттері 2014ж. 15 желтоқсанынан бастап келесі қызмет жеткізушілердің пайдасына төлемдерді жүргізеді:

- «Барыс» Хоккей клубы» ЖМ, www.shop.hcbarys.kz (Хоккей клубының Интернет-дүкенінде сатып алынған тауарларды төлеу);
- «Меломан Home Video» ЖШС, www.shop.meloman.kz, www.marwin.kz (Интернет-дүкенінде сатып алынған тауарларды төлеу);
- «Интернет Туризм» ЖШС, www.chokotravel.com (әуе билеттерін сатып алу);
- ЖК Жеке қор «Аяла» Жеке Қайырымдылық Қоры», www.ayala.kz (қаражатты қайырымдылыққа беру);
- «Arena S» ЖШС, www.sulpak.kz (Интернет-дүкенінде сатып алынған тауарларды төлеу).

Банк ВТБ (Қазақстан) жүйені жетілдіреді және қол жетімді қызметтердің тізімін кеңейту үшін жұмыс істейді.