Банк ВТБ (Қазақстан) облигациялардың бірінші шығарылымын өтеді

15.12.2014 2014ж. 11-15 желтоқсан аралығында Банк ВТБ (Қазақстан) 15 млрд теңге мөлшерінде Банк KZ2C0Y04D904 облигацияларының бірінші шығарылымын өтеді.

Банк ВТБ (Қазақстан) қарыз құралдарын сатып алуға қызығушылықтарын танытқан инвесторлар үшін 2014 жылдың шілдесінде Банктің жаңа облигациялық бағдарламасы тіркелгенін хабарлайды. Айналымда бес жыл мерзімімен KZP01Y05E715 теңгелік облигацияларды жартылай орналастыру Банкпен 17 қазан және 20 қараша аралығында жүзеге асырылған болатын.

Облигацияларды орналастыру көлемі 8,4 млрд теңге сомаға 85,28 млн.дананы құрады, облигациялардың өтегенге дейін табыстылығы жылдық 9% құрады, купон мөлшерлемесі жылдық 8% мөлшерінде белгіленді. Банк облигацияларына «BB+» деңгейінде Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігінің ұзақ мерзімді бағасы иеленді.

Ирина Туралиева, Басқарма Төрағасының Орныбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма мүшесі: «Осы нәтиже аралық болып табылады және Банкпен оңды болып бағаланады. Орналастыру параметрлері Банк ВТБ (Қазақстан) рейтингісін ескере отырып, инвесторлар үшін тартымды болып табылады және нарық тенденциясына жауап береді. Қазіргі уақытта облигациялық бағдарламасы аясында Банктің облигацияларын орналастыру жалғасады, және біз барлық қалаушы инвесторларды осы бағдарламаға қатысуға шақырамыз».

Екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар делдалдық – дилерлік және сақтандыру компаниялары негізгі инвесторлар болып шықты. Банктің облигацияларын орналастыру нәтижесінде тартылған қаражаттар бөлшек сауда және корпоративтік бизнесті дамытуға бағытталады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі.
ҚР ҰБ 06.10.2014 жылғы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).