Көкшетау қ. Банк ВТБ (Қазақстан) жаңа офисіне шақырамыз

09.12.2014 Көкшетау қ. Банк ВТБ (Қазақстан) филиалының «жеңіл» форматтағы жаңа бөлімшесі қаланың іскерлік орталығында Абай көшесі 143 мекенжайында орналасқан. Бұл Көкшетау қаласындағы Банктің екінші бөлімшесі – Банк Филиалы 2011 жылы тамызда ашылған болатын.

Марлен Мухамеджанов, Көкшетау қ. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Филиалының Директоры: ««Жеңіл» форматтағы бөлімшелерде Банктің менеджерлері клиенттерге өздеріне ыңғайлы шарттарда банк өнімдері және қызметтері туралы ақпаратты ұсынады. Бұл жерде әрбір клиент өздері үшін кредиттер, салымдар, төлем карталары және біздің Банктің аударымдары бойынша жеке ұсыныстарды таңдай алады. Өйткені жаңа бөлімшеде кассалар жоқ, қолма-қол ақшамен жүргізілетін барлық жұмыстар клиенттермен банкомат арқылы cash-in және cash-out қызметтерімен жүзеге асырылады».

Банктік қызмет көрсетудің жаңа форматы клиенттер үшін кассаларды әдеттегідей пайдаланбай Банк өнімдеріне және қызметтеріне рұқсат берудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. «Жеңіл» форматтағы бөлімше клиент ағындарын қайта бөлуге рұқсат береді және Банк Филиалында кезектерді қысқарту арқылы қажетті қызметтерді алуға және «жаңа» форматтағы желілерде ұқсас қызметтерді жедел алуға уақыттарды қысқартады», - деп М.Мухамеджанов атап өтті.

Қазақстан қалаларында банк желілерін кеңейту, Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттерге жақын болуға және қол жетімділікті көтеруге және банк қызметтері мен өнімдерін жедел алуға рұқсат береді.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР Ұлттық банкінің 06.10.2014 жылғы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).