«ВТБ бірге мобильді бол» акциясы басталған кезеңінен бастап «Online VTB» пайдаланушыларының саны 31% артты

05.12.2014 «ВТБ бірге мобильді бол» акциясы басталған кезеңінен бастап жеке тұлғаларға арналған «Online VTB» Интернет-банкинг жүйесінің пайдаланушылар саны 31% көбейді және 3,4 мың адамға артты.

Банк мамандары Алматы, Астана және Қарағанды қалаларының тұрғындарын акцияның ең белсенді қатысушылары болатынын белгілейді. Ең көп операциялар Beeline, Activ/Kcell, сонымен қатар «Алматытелеком» ТҚО байланыс қызметтерін төлеу бойынша жүргізіледі.

«Online VTB» Интернет-банкинг пайдаланушыларының арасында ТОП-3 танымал қызметтеріне: мобильді байланыс қызметтерін, Интернет-провайдерді, сонымен қатар букмекерлік кеңсесіне төлеу төлемдері кіреді.

Жылдың аяғына дейін, қызметтерді «Online VTB» Интернет-Банкинг жүйесі арқылы төлеу мүмкіндіктері бар компания тізбесі 19 ұйымға көбейеді, оның ішінде «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ, «Меломан Home Video» ЖШС, «Aviata.kz» ЖШС және т.б.

Банк ВТБ (Қазақстан) «Online VTB» Интернет-Банкингі 2013 жылы тамызда іске қосылды. Бүгінгі күні қызмет пайдаланушылары мобильді және коммуналдық қызметтерді төлеуге, ағымдағы шоттарды басқаруға, ақша қаражатының қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді алуға мүмкіндіктері бар.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР Ұлттық банкінің 06.10.2014 жылғы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).