Қарыз алушылар жаңа автоны сатып алу үшін баға диапазонында таңдау жасайды –1 500 000 теңгеден 3 000 000 теңгеге дейін

27.11.2014 Банк әріптесі – автосалоннан автокөлікті сатып алу үшін Банк ВТБ (Қазақстан) 2014 жылдың қазанынан бастап кредит береді. Бүгінгі күні Банктің сату орындарының саны – 27 автосалонды құрайды (оның ішінде UzDaewoo, Урал-Кров-Авто, Тарлан Авто, Вивага Лада және т.б. автосалондар желілері).

Банк Қарыз алушыларға кредит берудің екі бағдарламасын ұсынады: «Автокредиттеу (автосалондар)» және «Авто Жеңіл». Осы бағдарлама аясында Банк отандық немесе шетел өндірушінің автокөлігін сатып алуға мүмкіндік береді. «Автокредиттеу (автосалондар)» бағдарламасы аясында 7 жыл мерзімге 20 000 000 теңгеге (немесе баламасы АҚШ долларында немесе ресей рубілінде) дейін қарыз алуға болады. Сыйақының ең аз мөлшерлемесі жылдық 18% құрайды.

«АвтоЖеңіл» бағдарламасын пайдалануға шешім қабылдаған қарыз алушылар бастапқы жарнасыз және төлеу қабілеттігінсіз 5 000 000 теңге сомаға дейін кредит ала алады. Кредит 7 жыл мерзімге беріледі, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 18% құрайды.

Дмитрий Яковлев, Басқарма Төрағасының Орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Мүшесі: «2014ж. сәуір айынан бастап келесі тенденцияны бақылаймыз: клиенттер жаңа автоны сатып алу үшін жие таңдау жасайды, кредит алу кезінде қалайтын валютасы – теңге, баға диапазоны–1 500 000 теңгеден3 000 000 теңгеге дейін». Д.Яковлев, Банкқолданыстағы автосалондардың сату орындарын дамытуды және жаңаларын ашуды жоспарлайды – мысалы, орта мерзімде Банк ВТБ (Қазақстан) сату орындарын 3 есеге көбейтуді жоспарлап отырғанын айтты.

Банк мамандарының ақпараты бойынша, салондарда кредитті ресімдеу жылдамдығы және қарыз алушының ең аз құжаттар пакеті сатып алынатын автоның негізгі көрсеткіші болып табылады. Банктің менеджеріне хабарласқаннан кейін бірнеше күн ішінде өзіңіздің жаңа автокөлігіңізді ала аласыз.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҰБ 06.10.2014 жылғы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады.
ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).