S&P Банк ВТБ (Қазақстан) кредит рейтингін BB+ деңгейде растады

26.11.2014 Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі «ВВ+/Жағымсыз/B»; «kzAA-» деңгейде Банк ВТБ (Қазақстан) ұзақ мерзімді рейтингін растады.

Есеп беру кезінде, Банк рейтингінің деңгейіне жағымды әсер ететін негізгі факторлар ретінде S&P талдаушылары орташа мөлшердегі басқа қазақстандық банктерінен басқа қор жинаудың ең тұрақты және әртараптандырылған көздерін, сонымен қатар материалдық құрылым тарапынан ең мықты қаржылық және операциялық қолдауды атап өтті. Рейтинг деңгейіне жағымсыз әсер ететін факторлар арасында Қазақстанда өсіп жатқан макроэкономикалық тәуекелдер, көп емес нарық үлесі және Банктің шектеулі бәсекелестік позициясы аталды.

S&P ақпараты бойынша, Банк ВТБ (Қазақстан) рейтингінің «Жағымсыз» болжамы материалдық Банк ВТБ ААҚ рейтингісінің болжамын көрсетеді. «Банк ВТБ (Қазақстан) «стратегиялық жағынан өте маңызды» Банк ВТБ еншілес құрылымы болып қалатынын және барлық алдын ала айтылған жағдайларда оның тарапынан операциялық, басқарушылық және қаржылық қолдауды алатынын болжалап отырмыз», - деп S&P есебінде айтылып отыр.

S&P Банк ВТБ (Қазақстан) бизнес позициясын «бір қалыпты», капиталдандыру және табыстың «бір қалыпты» көрсеткіштері, тәуекелдер бойынша «бір қалыпты» позиция, агенттік критериясында көрсетілген анықтамаларға сәйкес, қор жинаудың «орташа» көрсеткіштері және өтімділіктің «адекватты» көрсеткіштері ретінде бағалайды.

«Банк ВТБ (Қазақстан) тұрақты, тәжірибелі басқарушылық командасы бар. Ақпараттық технологиялар, тәуекелдерді басқару және жаңа өнімдерді өңдеу саласында, банк материалдық топтың атқарылған жұмыс көлемін пайдалану мүмкіндігімен, банктің жылдам өсетін бизнесін басқару қажеттілігіне байланысты біздің қауіптенуімізді төмендететінін», - агенттік хабарлайды.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҰБ 06.10.2014 жылғы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады.
ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).