Ақтөбеде Банк ВТБ (Қазақстан) жаңа офисі ашылды

19.11.2014 19 қарашада Ақтөбе қаласында Братья Жубановы, 285 көшесінде Банк ВТБ (Қазақстан) жаңа офисі ашылды. Ақтөбеліктер және қала қонақтары банктің жаңадан ашылған қосымша бөлімшесінде банк өнімдерінің және қызметтерінің толық спектрін алуға мүмкіндіктері бар.

Жаңа офисті ашу салтанатында Басқарма төрағасының орынбасары - Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма мүшесі Яковлев Д.Е., Ақтөбе қаласындағы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Филиалының Директоры Утемис Д.Ж., ҚР Ұлттық Банкінің Ақтөбе филиалы директорының орынбасары Сеилов Д.Ж., сонымен қатар Банктің компания-клиенттерінің басшылары: ГК «Каир Трейд», Информстройсервис» ЖШС, «АЗНО» АҚ, «Автоцентр Ақтөбе» ЖШС, «Геом» ЖШС және басқалары қатысты.

Дмитрий Яковлев, Басқарма төрағасының орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма мүшесі: «Біз өз клиенттеріміздің сапалы банк қызметтеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өндірістік-қаржылық қызметтерін дамыту үшін көмек көрсетуге, өзара пайдалы және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайта отырып, өз әріптестерімізге табыс және амандықты тілеуге барынша тырысамыз. Жаңа офистің ашылуы әрбір клиентке жақынырақ болуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қаланың орталық көшелерінің бірінде қосымша жай клиент базасын кеңейту үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ететінін сенімділікпен айтуға болады». Ақтөбе қаласындағы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Филиалы 2011 жылы ашылды. ВТБ – ірі ресейлік банктерінің ішіндегі қазақстандық «еншілес компаниялары» жұмыс істеу кезеңде өздерін тұрақты, сынақтан өткен және сенімді әріптес ретінде көрсетті.

Дархан Утемис, Ақтөбе қаласындағы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Филиалының Директоры: «Банк филиалының біліктілігі жоғары қызметкерлері бұдан әрі өсуді және тұрақты нәтижелерге жетуді көздейді, және жаңа офистің ашылуы қолданыстағы клиенттермен қарым-қатынасты дамытуға, сондай-ақ жаңа жоғарғы тиімді байланысты орнатуға сенім білдіреді».

Шараның қатысушылары және қонақтары Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттерін сервистің мінсіз деңгейі, тиімді тариф саясаты, бизнесті жүргізу динамикалық стилі және тұрақты қаржылық көрсеткіштері тартатынын айтады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҰБ 06.10.2014 жылғы №1.2.14/39 лицензиясы. Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк салымдарды сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 19 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 20 астам банк және қаржылық компаниялары бар.

ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%). ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.