Клиенттерге жақынырақ: Банк ВТБ (Қазақстан) Қарағандыда жаңа қосымша офисті ашты

14.11.2014 Қызмет көрсетудің жоғарғы жылдамдығы және мінсіз сервисі – бірінші клиенттер Қарағанды қаласындағы Банк ВТБ (Қазақстан) филиалының жаңа қосымша офисінің жұмысына осындай сипаттама берді.

Банк 2014 жылдың басында жаңа үш жылдық Бөлшек сауда бизнесін дамыту стратегиясының шеңберінде филиал желісін кеңейту туралы хабарлады. 2014 жылдың екінші жарты жылдығында Банк Астана, Алматы, Тараз және Өскемен қалаларында жаңа офистерді ашты. Қарағанды қаласында Н. Абдирова 15 көшесінде орналасқан қосымша жай – Банк ВТБ (Қазақстан) жаңа бесінші офисі болып есептеледі.

Ашылу салтанатына құрметті қонақтар қатысты: Қарағанды қ. әкімі Әубәкіров Н.Е., ҚР Ұлттық Банкінің Қарағанды Облыс филиалының Директоры Мәжітов Д.М., сонымен қатар Банк клиенттері –Казцентрэлектропровод ЖШС, Avtostar Қарағанды ЖШС, Азия Транзит ЖШС компанияларының өкілдері және басқалары.

Денис Тарасов, Қарағанды Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Филиалының Директоры: «Әрбір клиент жаңа офисте банк өнімдерінің барлық түрлерін алуға мүмкіндігі бар: есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, айырбастау және аудару операциялары, кредит беру, салымдарды қабылдау және банк карточкаларына қызмет көрсету. Еліміздің барлық өңірлерінде көптеген қазақстандықтарға сенімді қаржы қызметтеріне рұқсат беру үшін жаңа қызмет көрсету орындарын ашуға үлкен назар аударамыз.».

Лентаны салтанатты түрде кескеннен кейін шараның қонақтары жаңа офиске мерекелік дастарқанға шақырылды. Шақырылған қонақтардың әрқайсысы Банк Филиалының басшыларына табысты қызмет және жылы шырайлы клиенттерді тіледі. Филиал басшысы Д.Тарасов филиал желісін кеңейту, ол Банктің клиенттік базасын көбейтетіні және әрбір клиентке жақын болатыны туралы айтты. «Қызмет сапасын көтеру, шешімдерді жылдам қабылдау, жаңа өнімдерді дайындау – біздің табысты қызметіміздің негізі», - айтылғандарды түйіндеді.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҰБ 06.10.2014 жылғы №1.2.14/39 лицензиясы. Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк салымдарды сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 19 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 20 астам банк және қаржылық компаниялары бар.

ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%). ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.