Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карталарының ұстаушылары 2014 жылдың басынан бастап 129 мыңнан аса транзакция жасады

12.11.2014 Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карталарының ұстаушылары 2014 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша бүкіл әлем және интернет-банкинг жүйесі бойынша POS-терминал арқылы 2 млрд теңгеден аса сомаға 129 мың транзакция жасады.

Банк мамандарының ақпараты бойынша ақшасыз транзакция саны 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96%, ал жалпы сома – 78% өсті.

Дмитрий Яковлев, Басқарма төрағасының орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма мүшесі: «Жылдың басынан бастап Қазақстанның аумағында төлем карталары арқылы жүзеге асырылған ақшасыз төлемдер саны екі есеге көбейді – өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90 мың транзакцияға дейін. Елдің шегінде транзакция саны туралы айтатын болсақ, олар бір жарым есеге артты – 42 мың транзакцияға дейін. Әрине, бұл көп емес нарық көрсеткіштер, бірақ егер біз жақында бастаған карточкалық бизнестің дамуын ескере отырсақ, онда орташа мерзім болашақта нарық үлесін көбейтуді болжалауға болады».

Оң динамика айналымдағы қолданыстағы картаның саны бойынша белгіленеді. 2014 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша қолданыстағы карталарының саны 46 мыңнан асты, өткен жылы бұл көрсеткіш 29 мыңнан артып кетті.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҰБ 06.10.2014 жылғы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк салымдарды сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 19 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 20 астам банк және қаржылық компаниялары бар.

ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%). ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.