2014 жылдың басынан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) шағын бизнесті дамытуға 19,6 млрд теңгеден аса қаражат аударды

07.11.2014 2014 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) шағын бизнес субъектілерін кредиттеу үшін 19,6 млрд. теңгеден аса қаражатты аударды. Шағын бизнестің кредиттік қоржынның көлемі, 2013 жылдың ұқсас көрсеткішін 40% асырып, 25,3 млрд теңгені құрады.

Дмитрий Яковлев, Басқарма төрағасының орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма мүшесі: «Қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін ерекше назар аударамыз. Бүгінгі күні Банк «Әйел кәсіпкерлігін кредиттеу бағдарламасы» және «Өңірлерді дамыту III» бағдарламалар аясында 1,3 млрд теңгеден аса сомаға шағын бизнес бойынша 51 жобаны қаржыландырды (шағын бизнес компанияларын қоспағанда). «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттар аясында шағын бизнес бойынша 2,6 млрд теңгеден аса сомаға жобалар қаржыландырылды, сонымен қатар Даму Қорымен 230 млн теңгеден аса сомаға жобаларға кепілдік берілді».

Банк инвестициялық мақсаттарға шағын бизнесті кредиттеу көлемінен 46% аударды, 29% - негізгі құралдарды толтыруға және 25% - басқа да мақсаттарға.

Банк мамандарының айтуы бойынша шағын бизнесті кредиттеу үшін ТОП-3 ең танымал өнімдеріне: «Шағын кредит», «Шағын бизнеске арналған автокредиттер» және «Шағын бизнес субъектілеріне арналған овердрафт» жатады.

2014 жылдың IV тоқсанында Банк шағын бизнесті кредиттеу бойынша жаңа өнімді, әсіресе коммерциялық ипотеканы енгізуді жоспарлайды.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҰБ 06.10.2014 жылғы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындарын құрайды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 19 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 20 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%). ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.