Тараз қаласында Банк ВТБ (Қазақстан) жаңа офисі ашылды

20.10.2014 Таразда Банк ВТБ (Қазақстан) «жеңіл» форматта бөлімше ашылды. Жаңа офис Самал (7) ы/а, 31 мекенжайында орналасқан.

Жаңа форматтағы офистің негізгі жұмысы жоғарғы өту қажеттілігін талап ететін, көп емес операцияларды жүзеге асыратын және клиенттерге қызмет көрсету жылдамдығы маңызды орындарға тиесілі әдетті кассаларды пайдаланбайтын модель болды.

Рамазан Ибраимов, Тараз қаласындағы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Филиалының Директоры: ««Жеңіл» форматтағы бөлімше клиенттер үшін қол жетімді және өзгеше орын болып табылады. Банктің мамандары кредиттік өнімдерді, клиенттің қажеттілігіне байланысты жеке ұсыныстарды таңдауға көмек береді. Бөлімшеде Банк өнімдері туралы (депозиттер, аударымдар және төлем карталары) мүдделі ақпараттарды алуға болады. Бұл бөлімшелерде касса жоқ – қолма-қол ақшалармен жұмыс істеу клиенттермен банкомат арқылы cash-in және cash-out қызметтерімен жүзеге асырылады».

Жаңа бөлімшені ашу – Бөлшек сауда бизнесін дамыту стратегиясын іске асыру бойынша жұмыстың кезекті кезеңі. Қазақстан қалаларында қатысуды кеңейте отырып, Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттерге қызмет көрсету ыңғайлылығын көтеруге, оны жылдам және жайлы жасауға тырысады. Болашақта бүкіл Қазақстан бойынша «жеңіл» форматтағы бірнеше бөлімшелерді ашуды жоспарлап отыр.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі. ҚР ҰБ 06.10.2014 жылғы №1.2.14/39 лицензиясы. Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк салымдарды сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 19 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 20 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%). ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.