Банк ВТБ (Қазақстан) 2014 жылғы 9 айдың қаржылық нәтижелерін хабарлайды

14.10.2014 Алматы – Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы 01.10.2014 жылғы жағдайы бойынша қаржылық есептемені жариялайды:

2014 жылғы 9 айдың негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштері:

   • Банктің активтері 6% – 152 891 млн. теңгеге дейін өсті;
   • Міндеттемелер 7% - 134 665 млн. теңгеге дейін көбейді;
   • Банктің кредит қоржыны 2014 жылғы 1 қазандағы болжалды мерзімді ескере отырып, 115 122 млн. теңгені құрады. Кредит қоржынының сапасы жоғары деңгейде тұр;
   • 2014 жылғы 1 қазандағы клиенттердің депозиттеріндегі және шоттарындағы қаражат көлемі 100 484 млн. теңгені құрады;
   • 2014 жылғы 9 айдың қорларын қалыптастырғанға дейін таза пайыздық табыс, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24% көбейіп, 6 442 млн. теңгені құрады;
   • 9 айда таза комиссиялық табыс, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге көбейіп, 1 948 млн. теңгеге жетті;
   • 2014 жылғы 9 айдағы Банктің таза табысы өткен жылдың ұқсас кезеңі үшін 186 млн. теңге таза табыспен салыстырғанда 850 млн. теңгені құрады.

Банк ВТБ (Қазақстан) өз қаржы ұстанымының тұрақтылығын көрсетуді және Банк клиенттер қаражатының сақталуын қамтамасыз етуді жалғастырады. Бизнес-процестерінің тиімді және икемді жүйесінің және тәуекелдерді басқару үшін көз қарасының арқасында, Банк өзгертулерге әсер етеді және клиенттерге өнімдік шешімдерді ұсынады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі. ҚР ҰБ 06.10.2014 жылғы №1.2.14/39 лицензиясы. Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк салымдарды сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 19 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 20 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%). ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.