Алматыда Банк ВТБ (Қазақстан) жаңа офисі ашылды

14.10.2014 Жаңа офис қаланың Фурманов көшесі, 76 Гоголь көшесінің қиылысында орналасқан. Жаңа офис Алматы қаласында Банк Филиалының алтыншы қосымша бөлімшесі болып есептеледі.

Бахтияр Абдраимов, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Алматы филиалының директоры: «Біздің командамыздың тиімді жұмысы, бәсекелестік өнімдері және қызметтері, сонымен қатар клиенттермен қарым-қатынасы – бұл негізгі көрсеткіштердің өсуіне және дамудың жаңа кезеңіне шығуға қол жеткізді. Жақын арада Алматыда Банктің жаңа стратегиясын іске асыру шеңберінде жаңа банк жабдығымен жабдықталған, клиенттерге сапалы және жылдам қызмет көрсететін Банк ВТБ (Қазақстан) тағы да екі жаңа офисі ашылады».

Банк ВТБ (Қазақстан) жаңа офисінде жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін банк өнімдерімен және қызметтерінің кең спектіріне қол жеткізеді: есеп-айырысу –кассалық қызмет көрсету, кредиттік және валюталық – айырбастау операциялары, Банк депозиттеріне қаржыны салу, ақша аударымдары және басқа да қызметтері.

Банк ВТБ (Қазақстан) басқа да офистері, қосымша жаңа бөлімшелері клиенттерге бағыт көрсетіп, жоғары деңгейде қызмет көрсетеді.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі. ҚР ҰБ 06.10.2014 жылғы №1.2.14/39 лицензиясы. Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындарын құрайды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).