Астанада Банк ВТБ (Қазақстан) жаңа бөлімшесі ашылды

01.10.2014 q01 қазан 2014 жылы Астанада филиал желілерін дамыту бойынша стратегияны іске асыру аясында астаналық Банк ВТБ (Қазақстан) филиалының қосымша бөлімшесі ресми түрде ашылды. Бөлімше Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 16 үй мекенжайында орналасқан.

Қонақ ретінде шараға Банктің қадірлі салымшылары шақырылды, оларға филиал қызметкерлері фуршет ұйымдастырып, естелікке қалатын сыйлықтарды табыс етті.

Жаңа бөлімшеде Банктің клиенттеріне жеке және заңды тұлғаларға арналған банк өнімдерінің барлық спектріне рұқсат беріледі:

- Жеке тұлғаларға арналған кредиттер;
- Жеке және заңды тұлғаларға арналған депозиттер;
- VISA International халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкалары;
- Шотты ашып, және ашпай бүкіл әлем бойынша ақшалай аударымдар;
- Жеке және заңды тұлғаларға арналған есеп-айырысу – кассалық қызмет көрсету, айырбастау операциялары;
- Қолма-қол ақшаны алу қызметтерімен жабдықталған банкоматтардың қызмет көрсету аймағы, аударымдарды жүзеге асыру және қызметтерді төлеу мүмкіндігімен;
- Жеке және заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг.

Банк ВТБ (Қазақстан) жаңа бөлімшесінің ыңғайлы орналасуы, бәсекелестік тарифтері, жедел және сапалы қызмет көрсетуі әр клиенттің қажеттілігін және қалауын қанағаттандырады.

Банк ВТБ (Қазақстан) қош келдіңіз! Біз әр клиентті жылы жүзбен қабылдап, және сапалы қызмет көрсетеміз!

Жұмыс тәртібі: дс. - жм.: 09.00 – 20.00, сн.: сағат 09.00 – 15.00
Толық ақпарат: 5050 (ұялы телефоннан тегін), + 7 71 72 55 15 52 телефондары бойынша

Анықтамалық:  
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы. Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындарын құрайды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).