Банк ВТБ (Қазақстан) «Агробизнес -2020» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін белсенді қатысады

11.09.2014 Банк ВТБ (Қазақстан) Ақмола облысында ашылған ірі компания - «Молоко Синегорья» Көкшетау сүт зауыты» ЖШС кредит желісі шеңберінде қаржыландырады. Осы кредиттік лимит шеңберінде алынған ақшалай қаражат инвестицияны жүзеге асыруға және айналымдағы қаражатты толтыруға бағытталған.

Марлен Мухамеджанов, Көкшетау қаласындағы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Филиалының директоры: «Банк ВТБ (Қазақстан) ел өңіріндегі субъектілерді белсенді қаржыландырады. 2013 жылдан бастап «А.П.Милланд» ЖШС (бұрын – «Агропродукт Азия» ЖШС) компания тобына кіретін «Молоко Синегорья» Көкшетау сүт зауытын» қаржыландырып келе жатыр. Кредит желісі 3 жыл мерзімге 3 млрд. теңгеден аса сомаға ашылды.».

Тартылған қаражаттар қолданыстағы өндірісті кеңейтуге және компанияның айналымдағы қаражатты толтыруға бағытталған. Бүгінгі күні компания құрылысты аяқтап, пэт-бөтелкелерге сағатына 24 мың бөтелкелер қуаттылығымен қышқыл сүт өнімдерін құю бойынша желілер пайдалануға енгізілді.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылық саласына жататын компанияның қызметін назарға ала отырып, бұл жоба «Молоко Синегорья» Көкшетау сүт зауыты» ЖШС «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында қаржыландыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы ставканы қаражаттандыру мемлекеттік бағдарламасына кіреді. Бағдарламаға қатысу компанияға қолданыстағы өндірісті кеңейтуге және кредиттік пен жеке қаражаттарды инвестициялау арқылы жаңа өндірісті құруға, оның ішінде қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын мемлекеттік қолдау шараларының нәтижелері бойынша қарызды төмендетумен байланысты кредиттер бойынша төлемдерді оңтайландыру есебінен рұқсат береді.

Болашақта Компания тобы Ресей Федерациясына жалпы сату көлеміне 20-30% дейін сүт өнімдерін сыртқа шығару үлесін көбейтуді жоспарлайды.

Банк ВТБ (Қазақстан) ынтымақтастықтың барлық аспектілерін және компанияны дамыту болашағын бағалай отырып, әрбір қарыз алушыға жеке көзқараспен қаржыландырудың ыңғайлы кестесін ұсынады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы. Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындарын құрайды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).