2014 жылдың басынан «Online VTB» Интернет-банкингтің пайдаланушыларының саны 2 есе көбейді

29.08.2014 2014 жылдың басынан жеке тұлғаларға арналған «Online VTB» Интернет-банкингтің пайдаланушыларының саны 2 еседен астам көбейді. Банк мамандары, орташа ай сайынғы өсу шамамен 11% құрайды деп белгіледі.

Дмитрий Яковлев, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасының Орынбасары – Басқарма Мүшесі: «Интернет-банкингтің халық арасына жайлғандығының көбеюі туралы бәрінен жақсы цифрлар көрсетеді. Осылай, 2013 жылғы тамыз айымен салыстырғанда, «VTB Online» жүйесіне қосылған клиенттердің саны 4 еседен астам көбейді, осы кезеңде төлемдердің саны 2,5 еседен астам, ал олар бойынша жалпы сома – 3 есе көбейді. Пайдаланушылардың санының өсуі, бірінші кезекте, «Online VTB»жүйесінің қызметтерінің кеңеюімен және олардың пайдасына төлемді жүзеге асыруға болатын жеткізушілердің тізбегінің көбеюімен байланысты – ол жылдың басынан 36 ұйымға көбейді».

Бүгін Банк клиенттерінің «Online VTB» жүйесі арқылы нақты уақыт режимінде шоттары және кредиттері бойынша ақпаратты алуы, ақшалай аударуды жүзеге асыруы, сатып алған заттары мен қызметтерін төлеуі мүмкін.

Банкте атап өткендей, клиенттердің уақыты мен ақшасын үнемдеу үшін, «Online VTB» Интернет-банкинг жүйесіне қосылған, Банктің бар және жаңа клиенттеріне 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2015 жылғы 31 қаңтарға дейін ұялы операторлардың қызметтерін комиссиясыз төлеуге болады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы. Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындарын құрайды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).