2014ж. І жарты жылдық ішіндегі Банк ВТБ (Қазақстан) бөлшек бизнесті дамыту бөлігіндегі жаңа Стратегияны іске асыру қорытындылары

15.08.2014 Банк ВТБ (Қазақстан) 2014 жылғы І жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бөлшек бизнесті дамыту бөлігінде жаңа Стратегияны іске асырудың нәтижелері туралы хабарлайды.

2014 жылдың басынан берілген кредиттердің саны бойынша бөлшек портфелінің (жеке тұлғалар мен шағын бизнес)
суі - 19,9%, ақшалай баламасы - 13,0% құрады.

Банктің мамандары аса маңызды серпінді мыналар көрсетті деп атап өтті: «Коммерсант» дара кәсіпкерлерге арналған тұтынушылық мақсаттарға кепілсіз кредит - 114,8%, «Кредиттік карта» - 74,6%, «Қолма-қол ақшалай кредит» кепілсіз өнім - 22,6% және «Кепілді тұтынушылық кредит» - 10,0%.

Дмитрий Яковлев, Басқарма Төрағасының Орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқармасының Мүшесі: «Біз 2014 жылы Банктің өнімдік желісін қайта қарадық. Жеке алғанда автомобильді сатып алуға талаптар өзгертілді: кредиттеу мерзімі 84 айға дейін көбейтілді, қарыздың максималды сомасының мөлшері 20 000 000 теңгеге дейін. Және де біз клиенттерге «Авто Жеңіл» бірегей өнімді ұсындық, ол автомобильді бастапқы жарнасыз сатып алуға мүмкіндік береді».

Кредиттеу мерзімі және де жылжымайтын мүліктің кепіліне «Кепілді тұтынушылық кредит» бағдарлмасы бойынша– 84 айдан 120 айға дейін көбейтілді, ал өңірлер үшін, Банк арнаулы кредит/кепіл арасалмағын көбейтті, ол клиенттерге кредиттің аса көп сомасын алуға мүмкіндік береді.
«Біз ол кепілсіз қарызды рәсімдеу үшін қажет құжаттардың пакетін қысқарттық, сөйтіп, қазір біз бір жеке басын куәландыратын құжат бойынша ғана тапсырысты қарауды жүзеге асырамыз», - деп қосты Д.Яковлев.

Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін әзірленген банктік өнімнің шамасында, есептік кезеңде аса талап етілген өнім – шағын бизнеске берілген кредиттердің жалпы көлемінен шамасы 42% – «Шағын кредит» болды. Бұл кредиттеу бағдарламасы клиенттердің 150 000 000 теңгені артпайтын жобалары бойынша бизнесті дамытуға бағытталды.

Берілген кредиттердің жалпы көлемінен шамасы 28% және клиенттердің арасында белгілігі бойынша екінші орынды «Премиум кредит» - кредиттеу бағдарлмасы алып отыр, оның шеңберінде 750 000 000 теңгеге дейін жобалар қаржыландырылады.

Банк «Даму» КДҚ мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы болып табылады. Сонымен, 2014 жылдың басынан қаржыландырылған жобалардың жалпы сомасы 1,6 млрд теңгені артты. Негізінде бұл құрылыс материалдар мен басқа метал емес минералды өнімді өндіру саласындағы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп саласындағы жобалар.

2015 жылға Банктің өңірлік желісін кеңейту шеңберінде 13 бөлімше және 7 «жеңіл» сату орындарын ашу жоспарланып отыр, 2016 жылға дейін барлық Қазақстан бойынша Банктің тағы да 20 бөлімшесі ашылады.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы. Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындарын құрайды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).