S&P Рейтингтік агенттігі Банк ВТБ (Қазақстан) рейтингін растады

14.08.2014 Standard & Poor’s Халықаралық рейтингтік агенттігі Банк ВТБ (Қазақстан) ұзақ мерзімді рейтингін «ВВ+/Негативтік/B»; «kzAA-» деңгейінде растады.

Агенттік белгілегендей, рейтингтер Банктің қаржылық көрсеткіштеріне Еуропалық Одақпен және АҚШ үкіметімен жарияланған санкцияларды талдаудан кейін расталды.

Агенттіктің баспасөз релизінде S&P Банк ВТБ (Қазақстан)
Банк ВТБ үшін «стартегиялық тұрғыда өте маңызды» мәртебесі бар, еншілес құрылым деп санайтыны аталған. Нәтижесі ретінде, оның рейтингі бас банкінің рейтингінен бір саты төмен, ал Банк ВТБ (Қазақстан) рейтингтері бойынша «Негативтік» болжамы
Банк ВТБ рейтингтері бойынша тиісті болжамды көрсетеді.

S&P, егер санкциялар кеңейтілмесе, S&P жуық арадағы 12 айда мемлекеттік банктің төлемпаздығы деңгейінің нашарлауын күтпейтінін атап өтіп, негативтік болжаммен- BBBдеңгейінде ВТБ ААҚ ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін және де растады. «Біздің көзқарасымызға, ВТБ 2014 және 2015 жылдары борышқа қызмет көрсету бойынша өз міндттемелерін орындау үшін жеткілікті төлемпаздыққа ие болады», - деп агенттік атап өтті.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы. Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындарын құрайды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).